Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Елбасымыздың 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлықтың 2-тармағына сәйкес ү.ж. 20 наурызда Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

1)

Таиланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің сайлау құқықтарын Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігіндегі №239 сайлау учаскесінде жүзеге асыра алады (804A, GPF Witthayu Towers, 93/1 Wireless Road, Bangkok 10330). 

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Дауыс беретін күні өздеріңізбен бірге ҚР паспортыңызды ала келуді сұраймыз.

 

2) 

Сайлау учаскесінің жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында өздеріңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөні, туған күні, қазіргі мекенжайыңыз) хабарлауды сұраймыз:

Email: thailand@mfa.kz, kazembassybkk@gmail.com

Тел: +66 2 254 3043 (ішкі 0 немесе 14)


ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау туралы қосымша ақпаратты  ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында таба аласыз.