Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөнінде ақпарат

Мемлекет басшысының 25 ақпандағы № 1018 Жарлығына сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті сайлауы белгіленді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес ҚР шет елдердегі мекемелері жанында 65 учаскелік сайлау комиссиялар құрылды.

Заңның 25 бабы 1 тармағына сәйкес шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.

41 бабтың 6 тармағына сәйкес сайлаушылардың жазбаша өтініштері бойынша учаскелік сайлау комиссиясы ел ішінде тасымалданатын жәшiктерді қолдану арқылы  көшпелі сайлау ұйымдастыруға тиiс.

Дауыс беру 26 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінде өткізіледі.

Заңның 28 бабына сәйкес, аталған учаскелердің бөлмелерінде Президенттікке үміткерлер жөнінде және басқа да қосымша ақпаратпен танысуға болатындығын қосымша хабарлаймыз.

Таиланд Корольдігі аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің сайлау құқықтарын Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігіндегі №239 сайлау учаскесінде жүзеге асыра алады. 

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің мекен-жайы:
804A, GPF Witthayu Towers
93/1 Wireless Road, Bangkok 10330

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің сайлау өткізу жөніндегі жауапты қызметкері:
Ерлан Құнанбайұлы Жетібаев
телефон +66 2 254 3043
факс +66 2 254 3042
thailand@mfa.kz 
kazembassybkk@gmail.com